Жаңалықтар
«НИССАН» ЗАУЫТЫ – ӨСКЕМЕНДЕ
Алдағы екі-үш жылда Шығыс Қазақстанда «Ниссан» маркалы автомобиль құрастыратын зауыт салу жоспары бар.
Ол үшін еліміз Австриямен бірлескен кәсіпорындар ашпақ. Бұл туралы Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің қазақстандық жағынан төрағасы Мейрам Пішембаев мәлімдеді. Автоөнеркәсіптен бөлек, екі ел көлік-логистика, мұнай-газ, энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, машина жасау салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытпақ.