Үнемдей білген ұтады
Бюджет қаржысын тиімді жұмсау мәселесі әрқашан өзекті мәселе болып келеді. Мыңдаған жылдар бойы қаражаттың болуы және одан бұрын басқа да материалдық ресурстардың болуы, оларды тиімді пайдалану ең маңызды қажеттілік .
Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Мемлекет үшін шығындар Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі болатын тиімділік қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл принципте Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілгендей, «бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажет» делінген.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесі осы аспектіде әрқашан еліміздің бюджет жүйесі үшін басты басымдық болып табылады. Сол себепті бюджеттен қаражат бөлу кезінде мемлекет олардың мақсатты пайдаланылуын белгілейді және бюджет қаражатының нақты шығыстарын бақылайды.
Сонымен қатар, бюджет қаржысы үнемділікті қажет етеді. Қазіргі таңда бөлінген қаражатты үнемдеп, жеткізе білген жөн. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы Жолдауларында айтып келеді. Бір сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілерге өздерінің міндеті халыққа қызмет ету деп түсініп, әрбір тиынды үнемдеп ұстау керектігін еске салған болатын. Сол себепті бағдарламалардың әкімшілері және лауазымды тұлғалар өз жауапкершіліктерін ескеріп, стратегиялық жоспар мен бөлінген қаражат аясында өзекті деген мәселелерінің шешімін тауып, қаржыны тиімді жұмсай білуі керек.
Нухина Индира Әділқызы,
Атырау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшысының
орынбасары