Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Жастар байқауына өтінім қабылдануда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама дайындау бойынша халықаралық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты жастар байқауына өтінім қабылдануда.

Іс-шара – өскелең ұрпақ назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне аударып, аталмыш әлеуметтік жарнамалдарды жасауда балалар мен жөсөспірімдердің шығармашылық бастамаларына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Байқауға 10 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жұмыстар 1 қазанға дейін төменде көрсетілген ресми сайт арқылы қабылданады. Конкурс қорытындысы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне жоспарлануда.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім жіберу мен толық ақпарат бойынша https://anticorruption.life/rules/ сілтемесі арқылы www.anticorruption.life ресми сайтынан біле аласыздар.

Айта кету керек, аталмыш конкурс бойынша 2023 жылы Қазақстаннан 2 қатысушы жеңімпаз атанып, олардың жұмыстары БҰҰ-ның Есірткі жіне қылмыс жөніндегі басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20 жылдығына орай АҚШ-тың Атланта қаласында өткен конференцияда таныстырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button