Жарнама
Жаңалықтар

«Наурыз» бағдарламасы: Атырауда 14 отбасы баспаналы болды

Биыл 1 мамырда басталған ипотекалық бағдарламаға 1 мыңнан аса атыраулық өтініш беріп, оның 420-сы мақұлданған. Қазір 14 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрболат Батырұлы мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ипотекалық бағдарлама 18-64 жас аралығындағы азаматтарға арналған.

– Бұл жоба саралау принципі бойынша жұмыс істейді, яғни несие ең көп ұпай жинағандарға беріледі. Ұпай беруде депозиттік сыйақылар және отбасы барлар мен балалылар ескеріледі. Алайда ұпайы көп 420 өтініш иесінің барлығы баспаналы болады деген сөз емес. Кейбірінің құжатының дұрыс еместігінен, қаражатының жетіспеушілігінен бас тартылғандары бар. Егер өтініш иесі қаладан пәтер алатын болса, «Баспана маркет» порталындағы құрылыс компанияларынан, ал ауыл тұрғындары қайталама нарықтан таңдайды. Үйді төлем қабілеттілігін растап, порталдан пәтерді брондағаннан кейін алады. Несие мерзімі — 19 жыл, бастапқы жарна 20%-дан басталады. Пайыздық мөлшерлеме — 9%, осал топқа — 7%, — деді Н.Батырұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button