Жарнама
Жаңалықтар

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 20-22 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

pogoda-v-mae-e1485009170666

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр мен сулы қар жауып, бірақ температура нормадан жоғары болады.

«Мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен соңы қарға айналатын қар, құбылмалы ауа райы күтіледі. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ауысатын циклондар мен атмосфералық фронттармен байланысты болады. Бірақ ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан климаттық нормадан асып кетеді деп күтіледі», — деп хабарлады синоптиктер.

Ал ертең Атырауда күндіз +14 градус жылы болса, түнде -1  градусқа дейін салқындайды.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button