Науқас бөбектер назардан тыс қалмайтыны қуантады
Мені денсаулық сақтау саласының ардагері ретінде өте сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларға «Қазақстан халқына» қоры арқылы көмек берілетіні қатты қуантты.
Сау адам науқастың немесе оны бағып-қағып отырған жанның жағдайын түсіне бермейді. Мәселен, орфандық аурумен ауыратын бір баланы емдеу курсы бірнеше жүздеген мың долларды құрайды. Бұған қарапайым қазақстандық отбасының табысы жете ме? Міне, осы орайда, Денсаулық сақтау министрлігі қажетті дәрі-дәрмек тізбесі мен жетім балаларды емдеу шығындарын есептеуі керек. Мемлекет басшысының «Күшіміз – бірлікте!» деген сөзі бекер айтылып отырған жоқ. Бас біріктіріп, бір-бірімізге сын шақта сүйеу болсақ, уақытша қиындықтың бәрін жеңеміз деп сенемін.
Тыныштық МӘТЕШҚЫЗЫ,
Денсаулық сақтау ісінің үздігі
Атырау қаласы