Жарнама
Жаңалықтар

НАУҚАН СЫЛБЫРЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

 

Облыста биыл барлығы 550 мың тоннадай ірі сабақты мал азығын дайындау межесі белгіленген. Өткен жылғы қыста малшыларға туғызған қолайлы сәттері, ауа райының мал-жанға жұмсақ әрі жайлы болуы елу мың тоннаға жуық пішенді үнемдеуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған соңғы ақпарға сүйенсек, жауапты науқан басталғалы 60 мың тоннадай пішен дайындалып, қыстақтар басына жеткізілген.

Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтері мен серіктестіктері және жеке секторлар малы үшін тиісінше 131-139 мың тонна мал азығын дайындау міндеті тұр. Бұл облыс бойынша барлық қажетті пішеннің 57 пайызын құрайды деген сөз. Демек, пішенші-механизаторлар ауа райының қолайлы сәтін қалт жібермей, қарқындарын арттырып, жұмыстарын ширата түскені жөн. Сондай-ақ, әрқайсысы тиісінше 40-50 және 70 мың тонна пішен дайындауға тиісті Жылыой, Индер, Махамбет және Исатай аудандарының шаруагерлері шабындықтарда, суармалы жайылымдықтарда өскен шөпті қуратпай, жинап алудың қамын ойластырғаны дұрыс.

Б.ХАМИТҰЛЫ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button