Жарнама
Жаңалықтар

«Нашақорлықтың алдын алу – ортақ іс»: есірткіге қарсы сурет байқауы ұйымдастырылды

Атырау қаласындағы №37 жалпы білім беретін орта мектепте балалар мен жасөспірімдерге есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы теріс иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Нашақорлықтың алдын алу – ортақ іс» тақырыбында сурет байқауы өтті.

Байқауға еірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева қатысып, байқау қатысушыларын марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы балалардың құқықтарын қорғау, полицияның міндеттері мен ата-аналардың жауапкершілігі, есірткісіз қоғам құру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

-Мұндай іс-шаралар есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында тұрақты түрде өткізіледі. Ең бастысы, жастардың өздері бұл шараларға белсенді қатысады. Біз оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы мен синтетикалық есірткілердің жасөспірім ағзасы мен психикасына тигізетін ауыр зияны туралы ақпарат береміз, – деді полиция подполковнигі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button