Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Мыңдаған жұмыс орындары ашылады: Атырауда үш зауыт салынады

«2025 жылға қарай Атырауда үш зауыттың құрылысы аяқталады» деп хабарлайды Atr.kz

«Оның ішінде қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт, жылдық қуаты 57 миллион текше метр азот және 34 миллион текше метр құрғақ сығылған ауа өндіру бойынша Техникалық газдар зауыты және
қуаты жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндіру бойынша зауыттың құрылысы аяқталады», — деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетсек, биыл Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы басталады.

Жоба құны – 860 миллион доллар.

«Осы жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже – қосымша 800 миллион текше метр тауарлық газ өндіру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ, мұнай өндіру көлемін қосымша 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтілуде» деді министр Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button