Жарнама
Жаңалықтар

«Мұнайшылар даңқы» қабырғасында Жамауовтар әулетіне арналған ескерткіш тақтаның ашылуы өтті

Бүгін, 5 қыркүйекте С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Мұнай музейінде «Мұнайшылар даңқы» қабырғасында Жамауовтар әулетінің есімі жазылған тақта салтанатты түрде ашылды.

925e77cc 019c 4d54 abf2 487a429790f9

Бұл іс-шара мұнай-газ саласында елеулі еңбек етіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосқан ардагерлер мен олардың әулеттеріне көрсетілген құрметтің айқын дәлелі. «Мұнайшылар даңқы» қабырғасында бүгінде ата кәсіпке адал болған 100-ге жуық мұнайшының есімі жазылған.

Салтанатты жиынға қоғам және сала қайраткерлері, ардагер-э мұнайшылар, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның ашылуында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы–ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликова сөз сөйлеп, мұнайшылар әулетінің еңбегін жастарға үлгі етудің маңызына тоқталды.

Шара барысында мұнай-газ саласында 40 жылдан астам еңбек еткен, «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Жамауов Жұмабек Қадырбайұлы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Құрмет орденінің иегері Мұрат Перзадаев, «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ Бас директоры, ҚР Парламентінің бірінші шақырылым депутаты Нұрлан Омаров, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері Нұрғожа Чиняев құттықтау лебізін білдірді.

Бұл іс-шара – еңбегі ел есінде қалған тұлғаларды дәріптеудің, жас ұрпаққа өнеге етудің маңызды қадамы. «Мұнайшылар даңқы» қабырғасы – елдің мұнай-газ саласына өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың есімі мен ерлігін мәңгі есте қалдыратын символ.

Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button