Жарнама
Жаңалықтар

Мүгедектігі бар және асыраушысыз қалған қазақстандықтарға 364 млрд теңге жәрдемақы берілді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 364 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың 10 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 364 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде қазанда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,4 млрд теңге бөлінді.

1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 530,8 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,7 мың адамға жетті. Мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 53 364 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 48 877 теңге.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Фото: ашық дереккөзден

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button