Жаңалықтар
Атырауда мұғалімдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданады
Өңір педагогтеріне жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қабылданатын болады.
–Ұстаздарды тұрғын үймен қамтудың тиімді тетігі жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қабылдайтын кез келді. Бағдарламаны жан-жақты ойластырып, қолға алатын боламыз, — деп атап өтті педагогтердің тамыз мәслихатында сөз алған облыс әкімі Серік Шәпкенов.
Аймақ басшысы, білім сапасын арттыру бағытында аянбай тер төгіп жүрген өңірдің ұстаздар қауымына зор алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің бастамасымен “Отбасы банкі” арқылы дәрігерлерге арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама жүзеге асып, биыл жергілікті бірқатар ақ халатты абзал жандар баспанаға қол жеткізді.
Мәлике МӘЛІК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ