Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Өмір шындығын кестелеген…

Жастар саяси лагері – «Нұр Отан» партиясы жастардың оқып, демалып, тәжірибе алмасуы үшін және белгілі тұлғалармен танысып, сұхбаттасып, жаңа технологияларды үйренуі үшін жасақталған жаңа жоба. «Жас Атырау–2016» деп аталған лагерьге қатысқан атыраулық және батысқазақстандық студенттер ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевпен кездесті.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b92

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облысы бойынша төрағасы Асқар Бопылдықов жүргізген жүздесуде бүгінгі қоғамның тынысы, кездесетін түйткілді мәселелер, арманға бастар жол жайында сөз қозғалды. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, талапты жастардың басқосуында жазушы да ағынан жарылып әңгіме айтты.

– Жаңа ғасырға сауатты, білімді, зиялы қазақ керек, — деді Рахымжан Қасымғалиұлы жастардың сауалдарына жауап бере келе. – Сондай биікке шығу керек. Бар үміт – жастарда.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b921

Рахымжан Отарбаев – бүгінгі заман тақырыбын әдебиетте кестелі ой, көркем сөзбен, шеберлікпен көрсетіп жүрген жазушы.  «Нашақор новелласы», «Двойник», «Көлеңкесіз жолаушы» сынды   басқа да драмаларында қазіргі қоғамда кездесетін келеңсіз жайлар, онымен күрес жолдары анық көрініс тапқан. Шығармаларымен жақсы таныс жастар белгілі жазушының өмір жолын, арман асуларын, көптеген мәселелерге қатысты ой-пікірін білмек мақсатта сұрақтар қойды, болашақтағы жоспарларын да сұрады.

– Биыл ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл. Осыған орай республика бойынша 25 үлкен шара болады. Соның бірі – Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыка театры менің  Әміре Қашаубаев туралы пьесамды сахналайды. Қазір дайындық жүріп жатыр. Алдағы жылы Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығы атап өтіледі. Сол тұлға туралы пьеса жазу үстіндемін. Қытайдың үлкен кинокомпаниясы 100 сериялы телефильмге сценарий жазып беруімді сұрады. Оқиға Қытайда, Қазақстанда, Африкада өтеді. Осындай жоспарлар бар, — деді Рахымжан Отарбаев.

Бақытгүл БАБАШ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button