Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

«Мигранттардың, шеттен келген этникалық ұлт өкілдерінің ортақ базасы жасалуы тиіс» дейді Кеңшілік Тышхан

Atr.kz/22-ақпан, 2019 жыл. Сирия  ылаңына тікелей жауапты «ДАИШ талқандалды» деп АҚШ бірнеше мәрте мәлімдеме жасағанымен, кей әлемдік ақпарат агенттіктері аталған лаңкестік ұйым жақтастарының, яғни содырлардың Ирак, Ауғанстан, Пәкістан территориясына қарай ойысып жатқанын хабарлауда.

Осындай аралықта біздің мемлекетіміз қандай  қауіпсіздік шараларын қолға алуы керек? Дінтанушы ғалым Кеңшілік Тышхан бұл мәселеде шекара қауіпсіздігін күшейту керектігін айтады.

ZHat a ym a aldanba
Кеңшілік Тышхан

« Кезінде әлемге қауіп төндірген Әл-Каида деп жар салсақ, уақыт өте келе ол ұйымды ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар) алмастырды. Олардың атауы өзгеріп, осы сипаттағы террористік ұйымдар басқа да мемлекеттерде пайда болуы мүмкін. Қалай десек те, радикализм қаупі жақын болашақта тоқтай қоймайды. Өйткені, дүниежүзінде трансұлттық, трансшекаралық деңгейге көтерілген қылмыстық ұйымдар өте көп. Және ол ұйымдар қару-жарақ, есірткі тасымалы есебінен қаржыланып отыр. Сол себепті, олар өз бизнестерін жүргізу үшін кез келген мемлекеттің әлсіз тұсын пайдаланады.

Демек, бізге шекара қауіпсіздігін күшейту керек. Біздің елімізде миграциялық тіркеу мәселесі өте әлсіз жүргізіледі. Мейлі ол мигрант, гастрабайтер болсын,  жалпы, шет елден келген адамдардың, этникалық ұлт өкілдерінің ортақ базасы жасалмайды. Қазақстанда шет елдің қанша адамы жүр,  олардың елге келудегі мақсаты, айналысып жатқан ісі, тұрғылықты жері деген нәрселер жіті қадағалауда болуы тиіс. Және осындай принципті жұмыстарды тез арада қолға алуымыз қажет.

19140809 303
Иллюстративті фото

«Интерпол» іздеу салған қылмыскерлердің ішінде, Қазақстанға келіп бой тасалағандығы туралы фактілер бар. Мысалға, бір адам өз еліндегі қауіпсіздік органдарынан қашып шығып, Қырғызстанға барады да, сол мемлекеттің азаматтығын алып алады. Қырғызстанның паспортымен Қазақстанға келеді. Әлбетте, ол паспортта ешқандай криминал болмайды. Радикалдар осындай әдістерді жақсы пайдаланып отыр. Қазір оларда үлкен технология, менеджмент, әлеует бар. Сондықтан, мемлекеттің қауіпсіздік технологиясы олардан да жоғары деңгейде болуы керек» дейді спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

(Толық нұсқасы “Атырау” газетінің №14 санында)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button