Жарнама
Жаңалықтар

МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНДЕГІ ЖАРЫС

 

Басқарма басшысы Мейірім Қалауидың айтуынша, турнир осымен екінші мәрте өтуде. Өткен жолы 12 адам қатысуға ниет білдірсе, биыл мемлекеттік қызметке қатысты барлық жергілікті, республикалық және аумақтық мекемелерден 18 команда бас қосты. Ойынға облыстық бильярд федерациясының бас төрешісі Жолдасқали Аймұратов төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау қаласы әкімінің көмекшісі Әділжан Садықов жеңімпаз деп танылды. Ал, екінші орынды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту бөлімінің бас маманы Рүстем Егізбаев иеленді. Облыстық қаржы басқармасының бас маманы Азат Имашев үшінші тұғырдан көрінді. Жүзден жүйріктер марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button