Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Менің де есімім – Нұрсұлтан!»

Қай ата-ана да сәбиіне ең жақсы есім қоюға тырысады. Ежелден ата-бабамыз сәбиге ат қою мәселесіне аса мән беріп, мұқият болған. Сондықтан да баланың болашағына ықпал етер, талабына жол ашар мағыналы есімдерді таңдаған.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыздың есімін еншілеген Нұрсұлтандар көбейді. Президент күніне орай ол жігіттерді әңгімеге тартқан едік.

 

Сегіз қырлы, бір сырлы

img_6322-28-11-16-11-26

Тұңғыш Президент мұражайының он жылдық  мерейтойына атыраулық қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев те «Ағаштың құдіреті» атты көрмесін арнаған.  Онда автордың алпысқа тарта туындысы қойылған. Олардың қатарындағы «Батырлар ұрпағы», «Шебердің қолы», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды дүниелер көрерменге өзгеше әсер қалдырды. Мұражайдың екі залына жайғасқан экспозицияға Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің озық дәстүрлерін жалғастырушы ретінде  2005-2013 жылдары дүниеге келген туындыларын ұсынған.

Нұрсұлтан Молдағұлұлы  жастайынан өнерге құштар болып өсті. Бірнеше облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанған.

— Есімімнің Нұрсұлтан болғанына қуанамын, мақтанамын. Елбасымызға ұқсап, мен де жүрген жерімде көшбасшы болғанды ұнатамын. Қазақ өнерінің сұлтаны, суретші Нұрсұлтаны болғым келеді. Достарымның есімімді толық атағандарын қалаймын, қысқартып, не басқаша атаса, ұнамайды,— дейді қолөнерші.

 

«Әркез мақтан етемін»

Елбасымен аттас тағы бір жерлесіміз – Нұрсұлтан Мұса. Ол 2001 жылы Тәуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында дүниеге келгендіктен апасы Күләш оның есімін Нұрсұлтан қойған.

img_6316-28-11-16-11-26

Ол – Атырау қаласындағы ағылшын тілі тереңдетілген техникалық гимназиясының түлегі. Бүгінде Англиядағы «David Game College» 1-курсында оқып жүр. Болашақ заңгер.

– Тұманды Альбионда жүріп Қазақстанды сағынамын. «Қазақ» деген атқа лайық болсам екен деп жақсы оқуға тырысып жүрмін. Тұңғыш Президентіміздің кім екенін әлемде білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Сондықтан да Елбасымен аттас болғаныма қуанамын, – дейді Нұрсұлтан.

 

Спортшы болу – арманым

Атырау қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Үмбетәлиев 2002 жылы 21 ақпанда дүниеге келіпті. Кейіпкеріміздің есімін нағашы әжесі Сақыш Баймұханбетова қой-ған. Нұрсұлтан өз есімінің қаншалықты салмақты екенін біледі. Сондықтан атына кір келтірмей, қай ортада да абыройлы жүруді ойлайды. Ол – Атырау  қаласындағы №35 мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы.

%d1%83%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2

– Кішкентайымда әжемнен атымды неге Нұрсұлтан қойғанын жиі сұрайтын едім. Әжем маған Президентіміз туралы  әңгімелеп, «Нұрсұлтандай білімді, ел сыйлайтын азамат болсын деген ырыммен қойдым» дейтін. Тәуелсіз ел болуға Тұңғыш Президентіміздің еңбегі зор. Әрі Елбасымыз жастарға қамқор, үнемі көңіл бөліп, кездесіп отырады, – дейді Нұрсұлтан Үмбетәлиев.

Нұрсұлтан Атырау қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо, самбо үйірмесіне қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Сауалнаманы жүргізген:

Абай Ақмұрзиев

 

Елбасының атап айтқаны…

Бүгін біз Атырау мұнай өңдеу зауытының қайтадан түлеу оқиғасының куәгері болып отырмыз. Қазақстан индустриясының қарлығашы – Атырау мұнай өңдеу зауытына 1994 жылы Жапонияға барған сапарымда ұзақ мерзімді мемлекеттік несие есебінде 300 миллион доллар қаржы алуға келісім жасаған болатынмын. Бұрыннан да ел экономикасына қызмет жасап тұрған зауыттың жаңа өмірі басталды. Ең қиын кезеңнің өзінде де бұл зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп, өз өнімдерін беріп тұрды. Бұдан былай зауытты қайта жаңалаудан кейін енді автокөлік жанар жағармайы өндірісі 2,5 есе артады. Жоғары октанды жанармай өндіру 9 есе өседі. Ең бастысы, атмосфераны ластау 3 есеге төмендейді. Ал, суды ластау деңгейі 130 есе азаяды. Осы кезге дейін аймақтағы су көздерін негізінен ластайтын АтМӨЗ екенін айтсақ, енді табиғатты қорғауға қаншалықты жағдай туғызылғанын және аңғаруға болады.

 11 мамыр, 2006 жыл.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button