
Мен қазақ қыздарына қайран қалам… (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Осындай атпен Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде қыздар сайысы өтті.
Мақсат — ізгі жолды жалғастырушы қайын сіңілі мен жеңгенің арасындағы сыйластықты, сырластықты насихаттау. Санамыздан өшіп бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту.
«Бастаңғы» дәстүрі колледждің 1 курс студенттерінің шебер ойнауымен ашылып, көрермендердің көңілін көтерді. «Филология», «Мектеп», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқту», «Өнер және мәдениет» бөлімдерінің белсенді студенттері шараның барлық түріне атсалысты.
Сайысқа өздерінің ептілігі мен шеберлігін, жан-жақтылығын еркін көрсете білген, креативтілігімен көірніп, тың идея ұсына білген сайыскерлер төрт кезең бойынша бәсекеге түсті. Жеңгенің ақыл-парасаттылығы мен қайын сіңлінің сүйкімділігі жарасым тауып, көрермен көңілінен шықты.
Әділқазылар алқасы киім үлгісіне, қиын жағдаяттан әдемі жол тауып, дәмді тағам түрлерін жұптаса жасай алған білгір қатысушыларға баға берді.
«Atr-Ақпарат»
















