ЖаңалықтарҚұқық
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қатысты интернет-конференция өтеді
Ағымдағы жылдың 25 қазаны күні, сағат 14:00-18:00 аралығында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша интернет-конференция өтеді.
Тақырыпқа қатысты тұрғындардан туындаған сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шпекбаев жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтпек.
Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекен-жайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдауыңыз қажет.
Конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Айқара Ғұмар