Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу қатаң бақылауда

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ

Онда алдымен «Индер, Құрманғазы, Мақат және Исатай аудандарындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердегі мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы» мәселе қаралды. Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев баяндады.

Мәселен, Индер ауданындағы 80 мемлекеттік мекемеде 103 мемлекеттік Ту, Елтаңба, мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын 38 стенді мен 5 баннер орналастырылған.Осы өңірдегі 40-қа жуық мемлекеттік органда пайдаланылып отырған Тулар мен Елтаңбалардың тиісті талаптарға сәйкестігін зерттеп-зерделеу барысында біраз кемшіліктердің беті ашылған.

Құрманғазы ауданындағы 130-ға жуық мекемеде 152 Ту мен Елтаңба есепке алынған. Олардың барлығы да жаңа стандарттарға сәйкестендірілген. Алайда, Бегалиев және Абай, Манаев атындағы орта мектептерде, сонымен қатар, Мақаш ауылындағы мәдениет үйі мен Ақкөл ауылдық округінде Ту мен Елтаңба бір деңгейде орналаспаған болса, Құрманғазы және Хиуаз ауылдарындағы «Балбөбек», «Нұрбөбек» балабақшаларында мемлекеттік Ту мүлдем болмай шықты.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің Мақат ауданында, ал, облыс әкімі жанындағы комиссия мүшелерінің Исатай ауданында жүргізген зерттеу-зерделеу жұмыстары біраз кемшіліктердің бар екендігін көрсеткен. Мәселен, Мақат ауданында Елтаңбаның 8 және Тудың 5 үлгісі бекітілген ұлттық стандарт талаптарына сай болмай тұр. Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік рәміздердің мәртебесін биіктетіп, құрметпен қарау, олардың тиісті талап деңгейінде пайдаланылуын қадағалау әрбір мемлекеттік орган мен мекеме басшысының тікелей міндеті екеніне назар аударды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button