Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы – тиімді басқарудың негізі

Мемлекеттік қызметтің сапасы – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осы салада қызмет ететін мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін жетілдіру –қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне бейімделудің маңызды шарты. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы бүгінгі таңда басты назарда тұр.

85640444 87fd 45b5 8174 630b3fbc1d35

Мемлекеттік қызметшілер елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және заң үстемдігін қамтамасыз ету секілді жауапты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерді табысты орындау үшін олар заманауи білімге, жаңа технологияларды меңгеруге және басқарушылық дағдыларға ие болуы тиіс.

Заманауи мемлекеттік қызметші үшін soft skills – көшбасшылық, көпшілік алдында сөйлеу, халықпен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары аса маңызды. Сондықтан оқыту бағдарламалары тек теориялық біліммен шектелмей, тәжірибелік тренингтермен толықтырылады.

Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйелі түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның Атырау облысы бойынша филиалы осы бағыттағы негізгі оқу орталықтары болып табылады. 2024 жылы Академия филиалында жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін 259 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырса, 79 қызметші қайта даярлау курсынан өтті.

1c2dfeef 9feb 493b 97b3 7000d14d109d 1

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген немесе басшылық лауазымға жаңадан тағайындалған тұлғалар алты ай ішінде қайта даярлаудан өтуі тиіс. Ал біліктілікті арттыру семинарлары барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін кемінде үш жылда бір рет ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламалары олардың функционалдық міндеттеріне ғана емес, стратегиялық ойлау, тиімді басқару, цифрлық дағдылар және халықпен кері байланыс орнату қабілеттерін дамытуға бағытталған. Мемлекеттік басқару үнемі жаңарып отыратын технологиялар мен басқарушылық әдістерді талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім алу – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі.

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған реформалар кәсіби мемлекеттік аппарат құруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға негізделген. Озық білім мен тәжірибе жинақтау арқылы ел дамуына үлес қосатын кәсіби мамандарды даярлау – басты мақсат. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы әрдайым басты назарда болуы тиіс.

Айнагүл Қақиева,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button