Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудің ашықтығы мен объективтігінің кепілі – байқаушы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет жалпыға бiрдей мүмкiндiк және жеке қабiлет пен кәсiби даярлыққа сәйкес жоғарылау қағидатына негiзделедi. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында мемлекеттiк қызметтi жетiлдiруге бағытталған бастамалар байқаушылардың мемлекеттiк қызметке орналасу кезiндегi ашықтық пен жариялылық қағидаттарын және мемлекеттiк қызметшiлердiң мансаптық өсуiн жүзеге асырудағы рөлiн арттыруға да қатысты.

 Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ішкі конкурс өткізу барысында байқау бірінші бос жұмыс орны толтырылатын мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіліп,лайықты үміткерлер болмаған жағдайда, ішкі конкурс барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілуде. Бұл жерде айта кететін бір мәселе, ішкі конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеу тапсырмай, тек қана өтініш және кадр қызметімен куәландырылған қызметтік тізімін ұсынып, әңгімелесуден өтеді. Жалпы конкурсқа азаматтар құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда тапсырып, әңгімелесу кезеңіне жолдама алады. Әңгімелесу кезеңінде, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларшақырылады.

Сондай-ақ барлық мемлекеттік органда байқаушылар пулы қалыптастырылған. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері де қатыса алады.

Жалпы Атырау облысы бойынша пулдың құрамына 500-дей адам ендi.

Мемлекеттiк қызметке iрiктеу жөнiндегi конкурс рәсiмдерiнiң айқындығын қамтамасыз етуде үкiметтiк емес ұйымдардың, азаматтық қоғам өкiлдерiнiң орны ерекше. «4 Билік», «Ақпарат», «Жәрдем-Атырау», «Инфо Орталық», «Рауан жастар қоры», «Айтыс», «Жастар таңдауы – Атырау», «Атырау – Әйелдері» қоғамдық бiрлестiктерiнiң, «Sana» қоғамдық қорының, Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының, Атырау облысы мәслихат депутаттары, «Прикаспийская Коммуна», «Егемен Қазақстан» газеттерінің өкілдері конкурс рәсiмдерiнiң белсендi қатысушылары болып табылады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Алайда, байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен байқаушылар пулының құрамына енген тұлғалардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдеріне ашықтығы мен обьективтігінің кепілі – байқаушы» тақырыбында семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.

Шолпан Қайненова,

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң

Атырау облысы бойынша департаментi

Мемлекеттiк қызмет басқармасының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button