Мемлекеттік қызмет: «Төменнен – жоғарыға» өсу баспалдағы не береді?

tstmimtimtm Жаңалықтар

Аtr.kz/23 маусым, 2020 жыл. Бүгінгі күні кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында құрылған жаңа модель білікті мамандарды тең дәрежеде іріктейді. Әсіресе, мемлекеттік қызметтегі жас мамандар білімі мен біліктілігін танытып, ел дамуына үлес қосатын мүмкіндікті пайдалануда.

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарындағы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағытының меритократиялық ұстанымы, яғни, «төменнен – жоғарыға» өсу баспалдағының енгізілуі жастардың сенімін туғызғаны сөзсіз. Кез келген азамат өзінің іскерлік қабілетін, парасат-пайымын таныту арқылы болашағын қалыптастырады. Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шара­ларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екені белгілі. Бұл тұрғыда олар басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, отансүйгіштігімен кез келген ортада үлгі болуы керек.

 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Салауат МҮКСІМОВПЕН сұхбаттасып, атқарылған жұмыс барысынан хабардар болдық.

 Салауат Сыйлыбайұлы, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі қандай? Жалпы, кәсіби маман болып қалыптасуы үшін қандай талаптарға жауап беруі қажет?

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті нығайтуда мемлекеттік қызмет сала­сын жетілдіру, одан әрі да­мыту бойынша нақты тап­сырмаларды алға қойған бо­латын. Басым міндеттердің ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және оларға қолжетімділікті жақсарту, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша шара­лар кешенін әзірлеу және Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстары бар.

Бұл ретте, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мемлекеттік қызметшіге жүктелгені белгілі. Сондықтан да еліміздің дамуына атсалы­сатын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Бүгінгі таңда Атырау об­лысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3 190, нақты саны – 2 930 бірлікті, оның ішінде сая­си мемлекеттік қызметшілер саны – 14, «А» корпусының қызметкері – 1 бірлікті құрайды.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технология­лар заманында мемлекеттік қызметшілер халық ал­дында жауапкершілікті сезіне білуі ке­рек. Сондықтан да олардың бойларын­да кәсібилікпен бірге жоғары адамгершілік қасиеттер болғаны абзал.

Бұл қызметке орналасқысы келетін  жас мамандар парасатты әрі нағыз патриот болса, одан ұтарымыз көп. Жал­пы, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек.

Меніңше, жоғарғы білікті, кәсіби шыңдалған әрі тиімді ұйымдастырылған мемлекеттік қызмет пен ұтымды басқару құрылымын қалыптастыруда жұмылдырылған адами ка­питал мен мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігінің маңызы зор.

 – Биыл облыста мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгені белгілі. Сондай-ақ, жыл соңында әр қызметшінің жұмысы бағаланатын бонус мөлшеріне тоқталсаңыз…

– М е м л е к е т б а с ­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арт­тыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрлар­ды тарту қажеттілігі ай­тылды. Сондай-ақ, елімізде кәсіби мемлекеттік аппа­рат құрылып, ашықтыққа басымдық беруді жүктеді. Сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі де айтылды.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының Қазақстанның дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі басымдығының бірінші бағыты – кәсіби аппарат құру. Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласына бірқатар өзгерістер енгізілген бола­тын. Олардың алғашқысы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі. 2018 жылдан бастап пилотты жүйеде бірқатар мемлекеттік мекемелерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізіп, қазіргі уақытта оң нәтижелерін беруде.

Б и ы л ө ң і р і м і з д і ң жергілікті атқарушы ор­гандары аталған пилоттық жобаға енді.

Б ұ л ж е р д е ж а л а қ ы мөлшері – бірнеше крите­рийге тәуелді. Еңбек өтілі өзгеше есептеледі. Функ­ционалды іріктеу, топқа бөлу жүргізіледі. Бұрын еңбек өтілі көп қызметкер жұмыстың нәтижесіне қарамастан жоғары жалақы алған бол­са, енді оған қызметінің тиімділігіне байланысты еңбекақы төленеді.

Сонымен қатар, жыл өткен соң әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы б а ғ а л а н ы п , с о н ы ң нәтижесімен бонус мөлшері белгіленеді. Тәжірибе көрсеткендей, бонус мөлшері жалақының жеті есесін құрауы мүмкін.

Бонустарды төлеу арқылы қызметкерлердің әлеуметтік- т ұ р м ы с т ы қ ж а ғ д а й ы жақсартылады деген ойда­мын.

– Мақсат пен меже қандай?

– Мемлекеттік қызмет атқарудағы басты мақсат – қоғам мен мемлекет тарапы­нан сенімге ие болу. Демек, өңіріміздің нәтижелі дамуы мемлекеттік қызметшілердің жо ғ ары а д амг ерші л і к деңгейімен, өз қызметіне де­ген адалдықпен, патриоттық сезімімен, заңдылықты бұлжытпай сақтауына бай­ланысты.

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апару­шы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Ендеше, алдағы уақытта да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу межесі – күн тәртібінен түспей жалғаса бермек.

Сұхбаттасқан: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

***

 Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, қадірменді әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан сіздерге көрсетілген ерекше сенімнің белгісі.

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – абыройлы, әрі жүгі ауыр, жауапкершілігі мол жұмыс. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Өңіріміздің нәтижелі дамуы, халқымыздың әл-аухатының жақсаруы – сіздердің жоғары адамгершілік деңгейіңізге, тәжірибелеріңізге, адалдығыңызға, жiгеріңізге тікелей байла­нысты.

Бұл қасиеттерді бойына толық сіңіру ел игілігі үшін еңбек етіп жатқан әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да елімізді, оның экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз.

Айтулы мерекеге байланысты сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін!

Салауат МҮКСІМОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз