Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай?

shutterstock 744798148 Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда облыстың жергілікті атқарушы органдарының өткен жылғы қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілген. Зерделеу нәтижесі туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімов айтып берді.

-Қорытындыға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары –  мүмкін болатын 100 баллдың ішінен 93,16 балды құрап, республикадағы басқа облыстардың көрсеткішімен салыстырғанда төртінші орынды иеленіп отыр. Өз кезегінде, бұл көрсеткіш, 2019 жылмен (қорытынды балл – 34,6) салыстырғанда 58,56 балға немесе 37,1 пайызға жоғарылаған, – деді басшы.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Салада кемшіліктердің де орын алғаны белгілі. Мәселен «Мемлекеттік қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіші бойынша әкімдікпен қызмет көрсету кезінде стандартта көзделмеген құжаттарды сұратудың 19 фактісіанықталған. Мұндай кемшіліктерді жоюға және қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар өңірлік кадрлық комиссия отырысына енгізілді.

Осылайша, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету» критериі бойынша жалпы бағалау нәтижесі мүмкін болатын 60 балдан 57,62 балды құраған.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз