Жаңалықтар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ – ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕР
«Мұндай тәжірибе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде бар. Мемлекеттік орган басшылары шетелдік менеджерлер қатарынан кандидаттарды кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынатын болады», — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік аппараттың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіріп отыру үшін және мемлекеттік қызметке саланың нағыз мамандарын тарту мақсатында азаматтық секторлардан мамандар шақырылады. Олар ашық байқау арқылы өте алады. Олардың тәжірибесі назарға алынады. Кейін Мемлекеттік қызмет академиясында білімдерін жетілдіру үшін оқытылады.
Ал, бұл салаға бірінші рет жұмысқа тұрушылар үшін үш кезеңдік байқау өткізіледі.