Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: КІМДЕРГЕ ҚАЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

5de5efd06aab5 Жаңалықтар

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес, отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінің 70 п а й ызынан төмен тұратын отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленеді.

Бүгін біз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос Орысбаевпен осы тақырып төңірегінде әңгімелескен болатынбыз.

 – Осы жылдың 1-ші қазанына кедейлік деңгейінде отырған 1 568 аз қамтылған отбасындағы 8 903 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, оларға бюджет­тен 560,5 млн. теңге төленді. Оның ішінде 1 300 отбасындағы 7 679 адамға – шартты ақшалай көмек, 327 отбасындағы 1 510 адамға шартсыз а қ ш а л а й к ө м е к т а ғ а й ы н д а л д ы . АӘК алушылардың сан а т тарын 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыздар, хабарласу кезінде жұмысы барлар, өзін-өзі қамтитындар, зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер құрайды. АӘК алушылардың арасынан шарт­ты ақшалай көмек түрін алатындар қатарындағы жұмыссыздар қазіргі ке здегі шектеулерге қарамаст ан жұмыспен қамту шараларына тартыл­ды. Атап айтқанда, 631 жұмыссыздың 150-і – тұрақты жұмысқа, 410-ы – қоғамдық жұмысқа, 43-і – қайта даярлау курсына, 19-ы – әлеуметтік жұмыс орындарына, 9-ы жаст ар тәжірибесімен жұмысқа орналасты­рылды.

– Қазіргі ахуалға, яғни шектеу шараларына байланысты нендей шаралар қолға алынуда?

– Қазіргі таңда ел аумағында т ө т е н ш е ж а ғ д а й ж ә н е ш е к т е у  іс-шаралары енгізілуіне байланысты халықтың көп шоғырлануын бол­дырмау мақс атында IV тоқс анға АӘК алушылардың өтініштері ав­томатты түрде ұзартылуда. Бұған д е й і н д е I I , I I I – ш і то қ с а н д а рд а А Ә К а л у ш ы л а р д ы ң ө т і н і ш т е р і мемлекеттік мекемелерге бармай- а қ а втомат т ы т ү рд е ұ з а рт ы л ғ а н болатын. Сонымен бірге, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің биылғы наурыз айындағы арнайы бұйрығы шықты. Бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезінде АӘК алу­шылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-анаға, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге және халықты жұмыспен қамту орталықтарына рес­ми тіркелген жұмыссыздарға 5 567 теңгеден азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығының құны берілді.

 Облыс бойынша орта есеппен 38 925 адамға 954,2 млн. теңге азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығының құны төленді.

Кепілдендірілген топтама – портал арқылы

Биыл 1-ші қаңтардан бастап АӘК а л ат ы н от б а с ы л а р қ ат а р ы н д а ғ ы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топта­ма енгізілді. Оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға – тамақ өнімдері мен тұрмыстық химиялық заттар жиынтығы, 6 жастан 18 жасқа дейінгі орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға – жылына бір рет мектеп формасы немесе спорттық к и і м д е р , м е кт е п қ ұ р а л д а р ы н ы ң жиынтығы және оқу кезінде күніне б і р р е т ы с т ы қ т а м а қ б е р і л е д і . Жыл басынан бері 1-ші қазанға орт а е с еппен ат аулы әлеуметтік к ө м е к а л у ш ы л а р қ а т а р ы н д а ғ ы 1 жастан 6 ж а с қ а д е й і н г і 1 7 11  бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылды. Ал, келесі жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырылатын болады.

– Сонда бұл қалай жүзеге асады?

– Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушы отбасы­лар әлеуметтік қызметтер порталына электрондық-цифрлық қолтаңбамен тапсырыс беріп, тауар жеткізушіден өзіне қажетті топтаманы таңдайды. Бірінші кезекте АӘК алатын отбасылары міндетті түрде электрондық-цифрлық қолтаңба алулары қажет. Ол үшін не­месе әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс беру үшін барлық ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ашылды.

Б и ы л ғ ы қ а з а н а й ы н д а Е ң бе к және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік топтама­ны пилоттық жобада ұсыну жұмысы ұйымдастырылды. Облыс бойынша 11 тауар жеткізуші әлеуметтік қызметтер порталына тіркеліп, 77 отбасындағы 146 баланы кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен қамтыды. Осылайша 77 отбасы өздерінің электрондық- цифрлық қолтаңбаларымен әлеуметтік порт ал арқылы т апсырыс беріп, кепілдендірілген әлеуметтік топтама­ларына қол жеткізді.

Электронды қолтаңба қажет

Біз облыстағы аз қамтылған көп балалы отбасыларының алдағы жылы кепілдендірілген әлеуметтік топтама­лармен қамтылуы үшін электрондық- цифрлық қолтаңба алуға шақырамыз. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуы керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне, кент, ауыл, ауылдық округтерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету орындарына хабарласулары қажет.

Түрлі сауал туындаған жағдайда о б л ы с т ы қ ж ұ м ы с п е н қ а м т уд ы ү й л е с т і р у ж ә н е ә л е у м е т т і к б а ғ д а р л а м а л а р б а с қ а р м а с ы н ы ң ә л е у м е т т і к н о р м а т и в т е р ж ә н е әлеуметтік көмек бөлімінің 32.48.28 қызмет телефонына хабарласып, мән- жайды сұрауға болады.

– Рахмет!

Әңгімелескен: Лиза СЕЙТІМОВА

 Бұл – өте қолайлы

Мен Мақат ауданының тұрғынымын. Қазан айында жүргізіліп жатқан пилоттық жобаны естіп, мен де әлеуметтік қызметтер порталына тіркелдім. Барлық мәліметтерімді енгізіп, ұсынылатын азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химиялық заттар жиынтықтарын да порталға енгізіп, жариялап қойдым. Аудан бойынша аз қамтылған 5 отбасынан тапсырыс түсті. Бұл жер­де азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды алатын отбасылар тікелей тауар жеткізушілерді өздері таңдайды және өздеріне қажетті жиынтықтарға тапсырыс бере алады. Осынау әлеуметтік порталмен тапсырыс қабылдау мен үшін қолайлы болды. Қазіргі күнде аз қамтылған отбасыларының 1-6 жас аралығындағы балаларын азық-түлікпен және тұрмыстық химиялық заттар жиынтығымен қамтып келемін. Портал арқылы тапсырыс беру аз қамтылған отбасыларға да қолайлы деп ойлаймын.

Мейрамкүл ҚУАНЫШЕВА,

жеке кәсіпкер

 Біздер үшін зор қолдау

Менің бес балам бар. Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған аз қамтылған отбасымын. Соған қоса 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларыма тамақ өнімдері мен химиялық заттар аламын.

Қазан айына менің отбасыма 23 998 теңге АӘК тағайындалды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарының көмегімен электрондық-цифрлық кілт алдым. Төртінші тоқсанға пилоттық жобаға қатысып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тамақ өнімдері мен химиялық заттарға тапсырыс бердім. Аудандағы жеке кәсіпкер тапсырысым­ды қабылдап, балаларыма тиесілі тамақтар мен химиялық заттарды жеткізіп берді. Қиындау кезде біздей шаңырақтарды қамқорлап жатқан үкіметімізге, жеке кәсіпкерге ризашылығымды білдіремін.

Толқын АЯПБЕРГЕНОВА,

Мақат ауданының тұрғыны

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз