МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — АДАМ
Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. «Нұр Отан» партиясының өтіп жатқан кезекті съезінде Елбасымыз бүгінгі күнгі басты тақырыптардың бірі болып тұрған әлеуметтік мәселелерге аса мән берді» дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА.
« Яғни, мемлекет басшысы «мемлекеттің басты құндылығы – адам» деген негізгі қағиданы басшылыққа ала отырып, еліміздің әлеуметтік жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстанның аз қамтылған көпбалалы отбасыларындағы әр балаға берілетін жәрдемақы мөлшерін 21 мың теңгеге жеткізіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімді болуына жағдай жасауы еліміздің одан әрі гүлденуіне жасалған оң қадамдардың бірі болды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардың көп жағдайда әлеуметтік мәселемен келетіні шындық. Бүгінгі жиын барысында сөз болған мәселелерді басшылыққа ала отырып, оңтайлы жұмыс жасау тетіктерін қарастыратынымыз сөзсіз» дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА.