b501d61f699e82f4e3370dfdfbc88e70

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

Жаңалықтар Саясат Экономика Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған