
ЖаңалықтарҚоғам
Мемлекет басшысы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуда
Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. ҚР Президенті — Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарға жалынды тілегін арнады. «Отанымыз — Мәңгілік елдің беделін арттыра беру — Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», — деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының сөзінше, жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны — отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң.