Жарнама
Цифрландыру

Мектептегі цифрлық мүмкіндіктер кеңеюде

   Атырау қаласында білім беру саласын цифрландыру бағытында және заманауи технологияларды енгізу мақсатында нақты қадамдар жасалып келеді. Соның айқын дәлелі – «Ақылды мектеп» жобасы аясында жүзеге асқан “Nazar” бастамасы. Бұл жоба «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп қолға алынған. 2024 жылдың желтоқсан айында Атырау қаласындағы 64 мектепте аталмыш жүйе толықтай орнатылды. Жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 1267,8 миллион теңгені құрады.

      “Nazar” жобасының негізгі мақсаты – білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру. Атап айтқанда, сабақтарды қашықтан бақылау арқылы оқу үдерісінің тиімділігін бағалау, пән мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту және ең бастысы – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – цифрлық трансформацияның білім беру жүйесіне дендеп енгенін көрсететін маңызды қадам.

     Қазіргі таңда жоба аясында Kundelik.kz білім беру платформасымен толық интеграция жасалды. Бұл мұғалімдердің сабаққа қатысуы мен оқу үрдісін бақылауды жеңілдетіп отыр. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап 987 педагогтің сабағы жүйе арқылы бақылаудан өтті. Осы сабақтарға талдау жасалып, нақты кері байланыс ұсынылды. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға және сабақ беру сапасын жақсартуға ықпал етті. Атырау қаласындағы бұл бастама – тек өңір үшін емес, жалпы еліміздің білім беру саласы үшін үлгі боларлық тәжірибе. 

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button