Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мектепке ұлттық киіммен келу міндеттеле ме?

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. «Телеграмм» әлеуметтік желісінің чатында Атырау қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы №18 орта мектепке жұма сайын оқушылар ұлттық киіммен келу міндеттелгені туралы сауал жазылған.

Арыз иесі мектепке ұлттық киіммен келу туралы қай заңда көрсетілгені жөнінде де сұрақ қойыпты. Біздің тілшіміздің анықтағанындай, аталмыш оқу орнының  оқушылары ұлттық киім киюге міндеттелмеген. Бұл туралы мектеп директоры Дулат Елемесұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, мектепте жұма күндері ұлттық  киіммен келу туралы заң да жоқ.

  • Біздің мектеп «Елсана» руханият клубының ұлттық киімді құрметтеу жөніндегі ұсынысын қолдауды ұйғарды. Сондықтан, жұма сайын оқушылар өз еріктерімен, ата-аналарының рұқсатымен ғана, мүмкіндіктері болса, ұлттық киім- кәжекейді киіп келуіне ұсыныс жасалды. Бұл туралы педагогикалық кеңес отырысында талқыланды. Қайталап айтамыз,  біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Бұл қазақтың салт- дәстүрін насихаттау арқылы ұлттық тәрбиені жандандыруға бағытталған шаралар, — деп мәлімдеді мектеп директоры.

Дереккөз: «atpress.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button