ЖаңалықтарҚұқық
Мектеп директорының орынбасарлары ата-аналарды ҰБТ-ға пара жинауға итермелеген
Atr.kz/24 шілде, 2019 жыл. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстағы екі мектеп директорының орынбасарын пара беруге итермеледі деп айыптап отыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.
«Олар алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірлесіп, оқушылардың ата-аналарын ҰБТ-дан өту кезінде көмек көрсеткені үшін ҚР Білім және ғылым министрілігінің Мемлекеттік комиссия мүшелеріне 600 мың теңге көлемінде пара беруге итермелеген», — делінген хабарламада.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім сот залында шығарылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат