2018060815385382387 2348656

Мекен-жай бойынша енді egov.kz арқылы тіркелуге болады

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін халыққа қызмет көрсету орталығының онлайн баламасы – egov.kz-ты таңдай бастады. Былтыр орталық арқылы 1,5 млн, онлайн түрде 479 мың адам тіркелген. Демек, еліміздегі төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Ал, мұнайлы өлкеде egov.kz арқылы алты мың адам тіркеліп үлгерген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша, «прописканы» сататын делдалдардың жұмысына тосқауыл болады.

«Электронды жаңашылдықтарды құп көретін азаматтардың саны өскені қуантады. Онлайн түрде тіркеуге тұру – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді ол. Биыл қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуге тұрушылар саны айтарлықтай өскен. Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам орталыққа келсе, 63 мың азамат онлайн түрде жүзеге асырған.  Ол үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған