Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Медициналық сақтандыру қорындағы ақша кімдерге қайтарылады?

Көптеген жеке кәсіпкер жарнаны алдын ала, 2018 жылдың қаңтары үшін төлеп қойған.
240fae86f0cc84c472b5eb52746bc38c

2018 жылдың қаңтарында Медициналық сақтандыру қорына 6 миллиард теңгеге жуық ақша түскен. Тұтастай алғанда 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 қаңтары аралығында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер қорға 38 миллиард теңге аударған.

Көптеген жеке кәсіпкер жарнаны алдын ала, 2018 жылдың қаңтары үшін төлеп қойған. Алайда, 1 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

«Жеке кәсіпкерлер өзіне төлем жасамайды, қызметкерлері болған жағдайда ғана жұмыс беруші ретінде ақша аударады. Шаруа қожалығы төлемнен босатылды. Енді 2018-2019 жылдары жалдамалы қызметкерлері бар жұмыс берушілер ғана төлейді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтін тұлғалар да босатылды, олар 5% көлемінде төлеп келген болатын.  2020  жылдан бастап мөлшерлеме 1%-ға дейін төмендетіледі, яғни жеңілдік жүреді», — деп түсіндірді Міндетті медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысындағы филалының директоры Сәуле Аймұхамбетова.

Демек, міндетті медициналық сақтандыру қорына 2018 жылдың қаңтары үшін жарна төлеген жеке кәсіпкерлер қаржысын ресми өтініш жазу арқылы қайтарып ала алады.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button