Жарнама
Жаңалықтар

Мәдинадағы Пайғамбар мешітіндегі жарылыс

 Пайғамбар мешіті Исламда Меккедегі Әл-Харам мешітінен кейін екінші қасиетті орын саналады. Сауд Арабиясының ІІМ елдің батысындағы Медина қаласындағы Пайғамбар мешіті (Әл-Масджид ан-Набави) маңында болған теракт нәтижесінде күш құрылымдарының төрт қызметкері көз жұмғанын растады. Тағы бес қызметкер жарақат алған, деп жазадыToday.kz.

  Министрлікте, кешенге келушілерге қарсы жасалған «террористік қылмыстың» тәртіп сақшылары қырағылығының арқасында алды алынғанын атап өтті. Жанкешті мешіт ішіне кірмек болған, алайда ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күдігін тудырып, оған кіруге бөгет жасамақ болған кезде террорист жарылғыш затты іске келтірген.     Жарылыс мешіт пен сот ғимаратының арасындағы автотұрақта болған. Елде бұл жағдайға байланысты тергеу басталып кетті. Мешіт бұрынғы қалпынша ашық тұр. Бірақ, оның айналасына қосымша блокпосттар мен тексеріс пунктері қойылып, айналасы толық қоршауға алынды. Әзірге жарылысты ешбір ұйым мойнына алған жоқ.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button