Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Медициналық мекемелерде жоспарлы емдеу басталады

Atr.kz/7 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді.

Атырау облыстық көпсалалы ауруханасы 400 орындық провизорлық стационар ретінде жұмыс істесе, онда 200 орынды қалдыру және 17 тамыздан бастап басқа 200 орынды жоспарлы науқастарды емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал облыстық балалар ауруханасы 3 тамыздан бастап жоспарлы емдеуге кіріскен.

«Облыстық онкологиялық диспансер бұған дейін өз жұмысын тоқтатқан жоқ – онда covid-19 тестін тапсырғаннан кейін пациенттерді қабылдау мен емдеуді жалғастырды», — деп атап өтті Г. Танбаева.

Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда 834 төсек-орын болса, бүгінде олар 50 пайызға толтырылған — онда 434 науқас ем алуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button