Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайыҚоғам

Медиа-музей көне жәдігерлерді күтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлт тұтастығы мен ұрпақтар сабақтастығы, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтар мәнін тереңдете түсер игі бастамалар еліміз және облыс көлемінде кеңінен жүзеге асырылуда. Осы орайда «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі де тағы бір жаңа жобаны қолға алды. Атап айтқанда, Атырау аймағының ақпарат саласына қатысты құнды мәлімет, дерек, көне жәдігерлер жинақталған бірегей музей ашу күн тәртібіне қойылып отырғанын баршаңызға хабарлаймыз. Бұл – санадағы сілкініс пен рухани жаңғыру тұрғысындағы тың бастама.

1

Биылғы 1 сәуірде мұнайлы өңірдің айнасына айналған облыстық «Атырау» газетінің шыға бастағанына 95 жыл толады. Осы уақыт бедерінде редакция қызметкерлерінің қаншама буынының ерен еңбегі мен маңдай тері бар десеңізші. Ендеше, осынау мерейлі датаға орай осы бір игі жобаны жүзеге асыруды мұрат тұтқан «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі сіздерден облыстық және аудандық газеттерге, телевизия, радио саласына, баспаханаға қатысты тарихи құжаттар мен көне жәдігерлерді (БАҚ ардагерлері тұтынған дүниелерді, айталық, жазба машинкалары, көзәйнек, жеке жазба дәптері, сөмке, қалам, фотоаппарат, т.с.с.) жинақтап, жаңадан ашылатын музейге тапсыруларыңызды сұрайды.

Тағы бір бөле-жара айтарымыз – музей құрамында арнайы кітапхана, оқу залы да жасақталмақ. Бұған да өздеріңіздің төл туындыларыңызбен бірге, жеке кітап қорыңыздан сүбелі тарту жасай аласыз. Яғни, бұл кітапхана бүгінгі және келер буынның рухани тұрғыдан сусындар кәусар бұлағына айналса, үкілі үмітіміздің ақталғаны!

Өңір тарихында қайталанбас ізі қалған қалам қуатының өшпес жалынын келер ұрпақ жадында мәңгі қалдыруды мақсат еткен біздің бастамамызға сіз де қолдау білдіріңіз! Қолыңызда өңірлік БАҚ саласына қатысты құнды жәдігер болса, бізге хабарласыңыз! Бүгінгі күн – ертеңгі тарих.

Біздің мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 «а»

Байланыс телефоны: 45-86-43

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button