Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Мәжілісмен атыраулықтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаевтың жеке қабылдауына жазылған атыраулықтар көтерген мәселердің басым бөлігі әлеуметтік бағытты қамтыды. «Nur Otan» партиясының Атырау қалалық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға 10-нан астам тұрғын қатынасып, өз мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етуді сұрады.

Мәселен, зейнеткер Галина Ивакина отбасылық жағдайын баяндап, 8 жастағы жиенін туған әкесі Орал қаласына алып кетіп, 1 жылдан бері анасымен қатынастырмай отырғанын жеткізді. «Алғашқы сот отырысында шешім бойынша біз жеңіп шықтық. Яғни, бала анасымен қалатын болды. Алайда, қарсы тарап апеляциялық шағым түсіріп, екінші отырыста сот әкесінің пайдасына шешілді. Бұдан соң Жоғарғы сотқа жүгініп едік, олар қараудан бас тартты» деген қала тұрғыны мектеп жасындағы кішкентай қыз баланың анасымен тұрғаны жөн екенін айтып, қолдау білдіруді сұрады. Мәселенің мән-жайымен толық танысқан мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі арнайы комиссия отырысында қарау қажеттігін айтып, қабылдауға қатынасқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Ембергенге тапсырды.

Бұдан соң, аналары қайтыс болған соң, кәмелетке толмаған 2 баласын өзі өсіріп отырған баласының баспана алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтқан зейнеткерге биылғы мамыр айынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа мүмкіндік толық таныстырылды. Яғни, «жалдамалы пәтер құнының тең жартысын мемлекеттік субсидия арқылы өтеу мүмкіндігі кімдерге қарастырылған, қандай талаптары бар?» деген сауалдарға жауап ұсынылды. Дәл осы тақырып мәдениет саласында қызмет етіп жүрген тұрғынға да жан-жақты түсіндірілді.

Алаяқтың арбауына түсіп, өз атына қомақты несие рәсімдеген зейнеткер де Мәжілісменнен көмектесуді сұрады. Алға қарай қалай әрекет етудің алгоритмін ұсынған Нұрлыбек Жұмахметұлы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және  дамыту агенттігіне арыздану қажеттігін жеткізді. Жұмысынан заңсыз қысқарып, зейнетақы аударымы тоқтап қалғандықтан, атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігінен қол үзіп қалған жалғызбасты ананы да тыңдаған Мәжілісмен қалалық әкімдіктің алаңында жауапты үш тарапты жиып, уағдаластыққа келу туралы тапсырды.

Бұдан да басқа жеке мәселелермен келген тұрғындардың тілегін тыңдаған Мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев көтерілген мәселелерді аяқсыз қалдырмай, көмек сұраған жандардың мәселесі оң шешілуіне септесу – ортақ жұмыс екенін айта келе, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Гүлжан ӘМІРОВА

Суретті түсірген Ерлан АлтЫбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button