Жарнама
Саясат

Мәжіліс жаңа Бюджет кодексін қабылдады

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі елдің қаржылық саясатының негізгі құжаты болып саналатын жаңа Бюджет кодексін қабылдады. Бұл бастама елдің жаңа экономикалық модельге көшуіне қажетті заңнамалық негіздерді қалыптастыруды мақсат етеді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың мәлімдеуінше, кодекс экономикалық реформалардың негізгі тірегі болмақ және ол бюджет кірістерін ұлғайту мен шығыстарды тиімді жоспарлауға бағытталған.

img 3202
Screenshot

-Кодекстің басты жаңалықтарына тоқталар болсақ, ұзақмерзімді болжамдар бойынша бюджет жоспары енді 10 жылға алдын ала жасалады, бұл қаржының қысқа және ұзақ мерзімді шығыстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал қоғамдық бақылауды күшейтуде республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер Парламентке хабарланып, квазимемлекеттік сектор қызметіне бақылау арттырылады. Квазимемлекеттік табыстар бойынша Ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компанияларының дивидендтерінің кемінде 50%-ы және қалған квазимемлекеттік субъектілердің таза табысының 70%-ы бюджетке аударылады, — дейді Ерлан Жақанұлы.

Жаңа кодекс бюджет қаражатын тиімді пайдалану, экономикалық өсімді тұрақтандыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мәжіліс депутаттары мен сарапшылардың ұсыныстары мен сын-ескертпелері кодекс жобасын талқылау кезінде ескерілген.

Ерлан Жақанұлы бұл құжат елдің қаржы саясатын жаңа деңгейге көтеріп, Президент бастамаларының жүзеге асуына негіз болатынын атап өтті. Мәжіліс қабылдаған Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button