Жарнама
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Елімізде кейбір ауылдар әлі күнге дейін жарықсыз отыр

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев 24KZ-ке берген сұқбатында еліміздегі инфрақұрылым, әсіресе ауылдық аймақтарды электрмен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Депутат әлі күнге дейін жарықсыз отырғанын ауылдар туралы айтты.

Депутат сұқбатында осы уақытқа дейін жарықсыз отыырған ауылдардың мәселесін көтерді. Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы ауылдарда, Жамбыл облысында да осындай елдімекендер кездесетінін жеткізді. Сөзінше, мәселе енді ғана шешімін табуы мүмкін. Ол он екі ауылдық округке қатысты жобаның дайындалып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, Қырықбаев тек ірі жобаларға назар аудармай, ең алдымен ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу маңызды екенін сөз етті. Мәселен, Сарыағаш ауданында үш жыл бойы электр қуатының тапшылығына байланысты балық шаруашылығы жобасы тоқтап тұрған. Бұл мәселе тек өткен жылы ғана шешімін тапқан. «Өңірлердегі халықтың арасындағы басты мәселелерді бірінші кезекте шешу керек. Ауылдарда әлі күнге дейін жарықсыз отырған елді мекендер бар. Бизнесті дамыту үшін инфрақұрылымды қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Темір Қырықбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button