Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атыраудағы медицина мәселесін тыңдады

img 20220217 wa0108 Жаңалықтар

Бейсенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Ұлт саулығы жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті.

            Кеңес отырысында негізінен өңірдегі денсаулық сақтау саласының мәселелер қаралып, оның өзекті проблемалары жан-жақты талқыланып, сараланды. Соның ішінде, Атырау облыстық ауруханасының, әсіресе онкологиялық диспансер  ғимаратының қазіргі жағдайы, облыста сәбилердің өлім-жітімін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, аймақтағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, маман-кадрлармен қамтылуы, т.б. мәселелерге баса назар аударылды.

Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың барысы баяндалып, орын алған кемшіліктерді түзету жолдарына көңіл бөлінді. Осы тұрғыда басқосуға қатысқан қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық мәслихаттың депутаттары күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, ой-пікір, ұсыныстарымен ортақтасты.

            (Толығырақ газетіміздің алдағы санында жарияланады)

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз