Мәжіліс депутаты Атыраудағы саяжай қауымдастықтары мен теміржолшылармен кездесті

img 20220217 wa0363 Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылдық округінің аумағында орналасқан «Беймахис», «Құрылыс», «Геофизик» саяжай қауымдастықтарының тұрғындарымен де кездесу өткізді.  

            Оларды мазалайтыны – осындағы инженерлік инфрақұрылымның нашарлығы екен. Өйткені, бұрындары саяжай болған бұл учаске бүгінде түгелдей дерлік жекеменшік тұрғын үй алабына айналған. Алайда, сол мезгілде тартылған инфрақұрылым желілері солайымен өзгеріссіз қалып қойған. Соның салдарынан ауа райының қолайсыз жағдайларында, әсіресе қатты жел соққан сәттерде мұндағы электр жүйелері ақауға ұшырап, апатты оқиғалар жиі орын алады.Әсіресе, қыс мезгілінде жарықтың сөніп қалуынан осы жердегі тұрғындар, соның ішінде балалар күнделікті мектептеріне қатынай алмай, сабақтарынан қалып қоюға мәжбүр болып жатады.

            Осыларды ескере келе, саяжай тұрғындары өздері тұратын аумақтың мәртебесін өзгертіп, заңды түрде тұрғын үй алабы ретінде қайтадан рәсімдеп беру жолдарын қарастыруды, Мәжіліс депутатынан осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуді сұрады. Өз кезегінде, халық қалаулысы қойылып отырған мәселені бақылауда ұстап, тұрғындар талабын қанағаттандыруға жұмыстанатынына сендірді.

img 20220217 wa0351

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты, Парламенттегі «Nur Otan» фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов атыраулық теміржолшылармен кездесті.

Халық қалаулысымен болған жүздесу сәтінде бұл саланың өкілдері де көкейлерінде жүрген ойларымен ортақтасып, сауалдарын жолдады. Мәселен, Бердібай Өтеулин темір жол саласының қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасын төмендету туралы мәселені көиерді. Оның әріптесі Бекжан Жиенбетов «Атырау-Астрахан» және «Атырау-Ақтөбе» республикалық маңыздылықтағы автомагистралының құрылысының қашан аяқталатынын сұрады. Ал, салалық «Қазақстан теміржолшысы» газетінің меншікті тілшісі Қосұйым Мұқашев Атырау өңірінің күрделі экологиялық ахуалын сауықтыру шаралары төңірегінде әңгіме қозғады. Осылайша, облысты экологиялық апатты аймақ ретінде тану үшін ел Үкіметінің алдына мәселе қоюды ұсынды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз