Жарнама
Жаңалықтар

Маса улау жұмысы 89 млн. теңгеден асады

Атырауда әдетте күн ыси бастағанда ызыңдаған қансорғыштар тұрғындардың ығырын шығарады. Биыл Атырау қалалық әкімдігі маса улау үшін 89 миллион теңгеден астам қаражат қарастырып отыр. Бірақ жыл сайын наурыз айының соңы-сәуірдің басында басталатын жұмыс бұл жолы кешіктірілуде.

Мамырға да аяқ бастық, ал әкімдіктегілер аталған жұмысты қашан бастайтыны да белгісіз. Өйткені, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған конкурстан мердігер мекемелердің өтпей қалғанын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, компаниялардың құжаттары дұрыс болмай әрі әкімдік қойған талапқа да сәйкес келмепті. Сондықтан, мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланды. Жауаптылардың айтуынша, әзірге конкурс нәтижесі қорытындыланған жоқ.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Сурет редакция мұрағатынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button