Жарнама
Жаңалықтар

Мақсатты дұрыс қою – жетістікке жетудің басты кілті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар жастармен еркін форматтағы кездесу өткізді. Бұл іс-шара жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал ететін маңызды мүмкіндік ретінде ұйымдастырылды.

Кездесуді Мәжіліс депутаты өзін таныстырудан бастады. Ол өзінің өмір жолы мен депутаттыққа дейінгі еңбек жолын баяндай отырып, жетістіктерге қалай қол жеткізгенін ашық айтты. 29 жасында үлкен жауапкершілікті арқалаған халық қалаулысы бұл белеске мақсатты дұрыс қойып, әр қадамын нық басу арқылы жеткенін атап өтті.

Ислам Сұңқар Қазақстан Халық партиясының оның саяси мансабына оң ықпал еткенін, партияның өсу мен дамуға мүмкіндік беретін әлеуеті мол екенін тілге тиек етті. Бұл мәлімдеме жастар арасында партия қызметіне деген қызығушылықты оятты.

Жастардың белсенділігі және пікір алмасу барысында айрықша көрінді. Атыраулық жастар өзекті мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, депутатқа сұрақтарын жолдады. Олар әскерге бару міндеттері, жастар арасындағы жұмыссыздық,болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар сынды тақырыптарда пікір алмасты.

Мәжілісмен жастардың белсенділігіне жоғары баға беріп, олардың өз пікірін еркін білдіруі – болашақта көшбасшы тұлғалар қалыптасуының негізі екенін айтты.

Жиын барысында Қазақстан Халық партиясының қатары 15 жаңа мүшемен толықты. Оларға партиялық билеттерді Сұңқар Исламның өзі табыстады. Солардың бірі – Әділхан Ибатов бұл кештің ерекше әсер қалдырғанын айтып:
“Мақсатына айқын жеткен жас депутатпен кездесу маған үлкен жігер мен шабыт берді. Мен де өз арманымды жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етемін,” – деді.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында әлеуметтік желіде белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button