Жаңалықтар
Мақатта ерекше аялдама орнатылады
Мақат ауданында тұрғындардың жайлы және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін биыл 54 заманауи үлгідегі автобус аялдамасын салу жоспарланып отыр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының қоғамдық көліктерді тиімді пайдалануына жағдай жасау және орталық көшелердегі инфрақұрылымды жаңарту. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мақат кентінде – 28, Доссорда – 22, Бәйгетөбе ауылдық округінде 4 аялдама орнатылады. Аялдамалар тұрғындарға жазда көлеңке, қыста ықтасын болып, қоғамдық көлік қызметін пайдалануды барынша ыңғайлы етеді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ