Жарнама
Жаңалықтар

Мақатта 1 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан” республикалық акциясы Мақат ауданында да өз деңгейінде жалғасын тапты. Акция аясындағы жұмыстарда “Жасыл ел» еңбек жасағының қатысушылары белсенді әрекет етті.

«AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев республикалық акцияның мәні туралы айтып, барша тұрғынды өңірдің тазалығына бір кісідей ат салысуға шақырды.

Барлығы 150-ге жуық мекеме қызметкерлері мен аудан жастары қатысқан іс-шарада Жастар ресурстық орталығы нысаны мен Темір жол вокзалы маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Айта кетейік, аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button