
“Мақат тынысы” газеті “Ең мейірімді редакция” аталымы бойынша марапатталды
«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында “Атырау-Ақпарат” ЖШС-на қарасты “Мақат тынысы” газеті редакциясы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі III орынға ие болды.
Аталған байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса,
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы II орынға ие болды.

Айта кетейік, аталған редакциялар мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын бірнеше жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр жанұяға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді.

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.