Жарнама
Жаңалықтар

Мақат ауданының әкімі тағайындалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Мақат ауданының әкімі лауазымына Азамат Саматұлы Мәмбетов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Мәмбетов 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «заңгер», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «экономист» мамандығын тәмамдаған.

Әр жылдары Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы мекемеде кадр жөніндегі бас маман, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр ісі жөніндегі бас маман, заңгер, бөлім басшысы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында  бөлім басшысы, кейін басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2021 жылдан бүгінгі жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button