Жарнама
ЖаңалықтарСаясатФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Мақат ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті (+ФОТО)

Atr.kz/26 шілде, 2019 жыл. Елбасы белгілеген стратегиялық реформалардың ең маңызды бағыты кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда жастардың мемлекеттік басқарудағы үлесін күшейту, жастардың арасынан дарынды және білікті кадрларды даярлау мәселесі күн тәртібінде тұр.

photo 2019 07 26 12 07 53 1

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

photo 2019 07 26 12 08 06

Биылғы жылы жәрмеңкеге аудандық әкімдікке қарасты мекемелердің өкілдерінен бөлек, Мақат аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы және полиция бөлімдерінен өкілдер қатысты. Жәрмеңкеге келушілерге аудандағы мемлекеттік мекемелердің бос лауазымдары ұсынылды.

photo 2019 07 26 12 08 09 1

Бұл күні аудан аумағында орналасқан ауылдық округтерден жұмыссыз жүрген елуден астам азаматтар бос лауазымдар легімен танысты. Шара барысында аудандық мемлекеттік мекемелердің мамандары қызметке орналасу тәртібін түсіндірді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button