Жарнама
ЖаңалықтарСпорт

Мақат ауданында аяқдопшыларға автокөлік берілді 

 Аудан аяқдопшыларына жаңа автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды atr.kz Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


 Аудан әкімі Ринат Хисаұлы ауданның аяқдопшыларымен кездесіп, өткен жылғы жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілей отырып, Мақат ауданының 100 жылдығы аясында «NCOC» компаниясының демеушілігімен алынған «Toyota HiAce» автокөлігінің кілтін «Мақат футбол командасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекенов Асылханға табыс етті.

Сондай-ақ, «NCOC» компаниясының өкілі Г.Еркетанова құттықтау сөз сөйлеп, алға қарай да компания тарапынан тиісті көмектердің көрсетілетіндігін атап өтіп, спортшыларға спорттық киімдер табыстады. 

Іс-шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов және «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Габдуллин сөз алып, бұқаралық спортты қолдап, аудан жастарына мол мүмкіншілік көрсетіп жатқан аудан әкімі мен компания өкіліне ризашылығын білдірді.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда ауданның аяқдопшылары Қазақстан және әлем біріншіліктерінде өнер көрсетіп келеді. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button