Жарнама
ЖаңалықтарБілім

МАҢЫЗДЫ! Қазақстанда болашақ мұғалімдерге төленетін стипендия көлемі артты

«Мұғалім мамандығына түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты» деп хабарлайды Atr.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары да күшейтіліп отыр.  Яғни, педагогикалық мамандыққа білімді түлектерді ғана қабылдау үшін, ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді.

Сонымен бірге, министр педагогтың енді жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Конкурс толығымен электрондық форматта жүреді.

«2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни,  дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі», — деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button